Accessibility links

"Яровая заңының" интернет трафигіне қатысты бабы күшіне енді


Мәскеудегі интернет пен сөз еркіндігін қорғауға арналған митинг. 30 сәуір 2018 жыл.
Мәскеудегі интернет пен сөз еркіндігін қорғауға арналған митинг. 30 сәуір 2018 жыл.

Ресейде "Яровая заңының" байланыс операторларын қолданушылар мәліметтерін 30 күн сақтауға, ал алдағы бес жылда мәлімет сақтау қорын жыл сайын 15 пайызға ұлғайтып отыруға міндеттейтін бабы күшіне енді.

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Ирина Яровая мен Федерация кеңесінің депутаты Виктор Озеровтың заңға енгізген "антитеррорлық түзетулері" 2018 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген. Ол кезде байланыс операторларына заң талаптарына жауап беруі үшін 2018 жылдың 1 қазанына дейін уақыт берілген.

Құжат бойынша, байланыс операторлары мен интернет провайдерлер қолданушылардың барлық аудио және мәтін түріндегі хабарламаларын, суреттерін, видеолары мен басқа да электрондық ақпараттарын алты айға дейін сақтауға және арнайы органдар сұратқан жағдайда оны беруге міндеттеледі.

Мәліметтерді басқа операторлардың серверлерінде де сақтауға болады, бірақ ол үшін Федералдық қауіпсіздік қызметінің келісімі қажет.

"Яровая заңына" Ресей президенті Владимир Путин 2016 жылы 7 шілдеде қол қойған. Заң авторлары оның терроризммен күресті күшейтуге бағытталғанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG