АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Еркін сауда жөніндегі солтүстікамерикалық келісімнің (NAFTA) орнына жасалған жаңа келісімге қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Трамп жаңа келісімнің тарихи мәні барын айтып, ол өзара тиімділік пен әділеттілік ұстанымына негізделіп жасалғанын мәлімдеді.
Трамп Мексика мен Канада жаңа келісімге жұмысшыларды, қоршаған ортаны және зияткерлік меншігін қорғауға қатысты ережелерді енгізуге келіскенін жеткізді. Ол сонымен бірге жаңа келісім америкалық фермерлердің сапалы өнімдерін экспорттауға мүмкіндік беретінін айтты.
Журналистер сұрақтарына жауап берген Дональд Трамп сауда мәселесіне қатысты Еуропа Одағымен келіссөз жүріп жатқанын, одан нәтиже шығатынына үміттенетінін жеткізді. Ол Қытаймен арадағы кикілжіңге қатысты әзірге Пекиннің екіжақты келісімге дайын емесін білдірді.
ПІКІРЛЕР