Accessibility links

АЕ/АР басшысы Томас Кент қызметінен кетті


Томас Кент Азат Еуропа/Азаттық Радиосының президенті болып тұрған кезінде.
Томас Кент Азат Еуропа/Азаттық Радиосының президенті болып тұрған кезінде.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы (АЕ/АР) корпорациясының президенті Томас Кент 1 қазаннан бастап қызметінен кеткенін жариялады. Корпорацияны екі жыл басқарған Томас Кент қоштасу мәлімдемесінде "АЕ/АР-ды басқару маған үлкен құрмет болды және біз қызмет еткен елдерде кәсіби және бейтарап журналистиканың маңызды қайнар көзіне айналды. Қызметтен кетерімде корпорацияның барлық қызметкеріне, әсіресе әлемнің шиеленісті аймақтарында жұмыс істейтын тілшілерімізге миссиямызды орындаудағы адалдығы үшін алғыс айтамын" деді Томас Кент.

Томас Кент басқарған уақытта корпорацияда постсоветтік елдерде эфирге шығатын орыстілді "Настоящее Время" телеарнасы қарқынды дамыды. Азат Еуропа/Азаттық Радиосының бір аптадағы аудиториясы 26 миллионнан 31 миллион адамға дейін өсті.

Кәсіби білікті медиаменеджер Томас Кент кезінде Associated Press агенттігінің Мәскеудегі бюросын, халықаралық ақпарат бөлімін басқарған, басқарушы редактордың орынбасары болған. Кент Associated Press-те редакциялық және техникалық реформалар жүргізуде, агенттік жұмысын стратегиялық жоспарлауда және жаңа мультимедиялық қызметті дамытуда жетекші рөл атқарған. Ол Пулитцер сыйлығының төрешілер құрамына енген. Журналистік этика мәселелерін зерттеуге маманданған.

Томас Кенттің орнына АЕ/АР болып әзірге ешкім тағайындалған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG