Accessibility links

Алматыда бұрынғы НКВД ғимаратын жекеге беруге қарсылық танытты

Алматыдағы НКВД ғимараты алдына жиналып тұрған наразы тұрғындар. 3 қазан 2018 жыл.
Алматыдағы НКВД ғимараты алдына жиналып тұрған наразы тұрғындар. 3 қазан 2018 жыл.

Алматыда қазанның 3-і күні ондаған қала тұрғыны бұрынғы НКВД ғимараты орналасқан Наурызбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысына жиналды. Бұл ғимараттың тарихи маңызы бар екенін айтқан тұрғындар оның жекеменшік қолына өткеніне наразылық білдірді.

- Мысалы, "Сайран" авто бекетін "тарихи ғимарат" дейді, қаладағы қаншама көпестердің үйін "тарихи ескерткіш" деп жатыр. Ал қазақ тарихында ерекше орын алатын, бүкіл қазақтың басына түскен ойранның ордасы болған ғимаратты аламыз да қонақүй салуға береміз. Мұны қалай түсінуге болады? - деді республикалық ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары қоғамдық ұйымының төрағасы Жұмабек Ашуұлы.

Бұл ғимаратың ішінде 2003 жылы тарихи мұражай болған. Екі жылдан кейін мұражай жабылып, ғимарат жекеменшікке өткен. Жиналғандардың айтуынша, сол уақыттан бері ғимараттағы кабинеттер жалға беріліп келген. "Былтыр ғимаратты сатып алған кезекті компания мұнда қонақүй салуды жоспарлап, ішінде қайта жөндеу жұмыстарын бастады" дейді наразылар.

Жиналғандар Қазақстан президенті әкімшілгіне, парламент, үкімет пен Алматы қаласы әкімдігіне үндеу хат жазып, оған келген отыздан аса адам қол қойып кетіп жатты. Жиналғандардан бес-алты адам ғимаратта қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылармен сөйлеспек болып еді, қаңылтыр қоршаудың ішіндегі күзетшілер есікті ашпай қойды. Журналистерге де ешқандай комментарий бермеді. Ал Алматы қаласының әкімдігі Азаттықтың бұл мәселеге қатысты жіберген сауалына әзірге жауап берген жоқ.

Фотогалерея: Алматыдағы сталиндік репрессия орындары

Алматыдағы сталиндік репрессия орындары

Бұрынғы НКВД абақтысының терезесі әлі сақталған. Қазір Төле би көшесінің бойындағы №228 үй.
1/9 Бұрынғы НКВД абақтысының терезесі әлі сақталған. Қазір Төле би көшесінің бойындағы №228 үй.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Бұрынғы НКВД абақтысы. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй. Мұнда 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды қазақ зиялылары қамауда отырған.
2/9 Бұрынғы НКВД абақтысы. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй. Мұнда 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды қазақ зиялылары қамауда отырған.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Алматы қаласының Төле би көшесіндегі №228 үй. 4 наурыз 2013 жыл.
3/9 Алматы қаласының Төле би көшесіндегі №228 үй. 4 наурыз 2013 жыл.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Қазір №228 үй жеке меншікке өтіп, мұнда дүкендер орналасқан, үйдің бөлмелері тұруға жалға беріледі. Ішкі ауласында автотұрақ ашылған.
4/9 Қазір №228 үй жеке меншікке өтіп, мұнда дүкендер орналасқан, үйдің бөлмелері тұруға жалға беріледі. Ішкі ауласында автотұрақ ашылған.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Қазіргі ҰҚК уақытша оқшаулау абақтысы (суретте) орналасқан Наурызбай көшесі №108 үй бұрын НКВД-КГБ ғимараты болатын. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй 1934 жылы НКВД түрмесі осы ғимаратқа көшірілгенге дейін абақты қызметін атқарды.
5/9 Қазіргі ҰҚК уақытша оқшаулау абақтысы (суретте) орналасқан Наурызбай көшесі №108 үй бұрын НКВД-КГБ ғимараты болатын. Төле би көшесінің бойындағы №228 үй 1934 жылы НКВД түрмесі осы ғимаратқа көшірілгенге дейін абақты қызметін атқарды.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Дерек бойынша, советтік Қазақстанда репрессияланған 125 мыңға жуық адамның 4 жарым мыңы жатқан ең үлкен қорым.
6/9 Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Дерек бойынша, советтік Қазақстанда репрессияланған 125 мыңға жуық адамның 4 жарым мыңы жатқан ең үлкен қорым.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың тақтасы.
7/9 Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының маңындағы 1937-1946 жыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың тақтасы.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай елдімекенінің маңындағы Сталиндік репрессиялар, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш.
8/9 Алматы облысы Іле ауданы Боралдай елдімекенінің маңындағы Сталиндік репрессиялар, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
«Тауқымет пен тағзым» кітабындағы деректер бойынша, 1938 жылдың 25-ші ақпаны мен 10-шы наурызы аралығында атылған 39 қазақ зиялысының сүйегі (Нығметолла Сырғабеков, Темірбек Жүргенов, Сейітқали Меңдешов және т.б) осы ескерткіш маңындағы сайға көмілген.
9/9 «Тауқымет пен тағзым» кітабындағы деректер бойынша, 1938 жылдың 25-ші ақпаны мен 10-шы наурызы аралығында атылған 39 қазақ зиялысының сүйегі (Нығметолла Сырғабеков, Темірбек Жүргенов, Сейітқали Меңдешов және т.б) осы ескерткіш маңындағы сайға көмілген.
Кейбір дерек бойынша, тек Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннен опат болғандар 125 мыңға жуық. Бұл фотогалереяда Алматы мен Алматы облысында репрессияға куә болған кейбір тарихи ғимараттар мен орындар бейнеленген.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG