Accessibility links

Шымкентте сотталушы "діни алауыздық тудыру" айыбын мойындады


Шымкенттегі аудандық соттардың бірі (Көрнекі сурет).

Шымкенттегі Абай аудандық сотында "әлеуметтік желілерде діни алауыздық тудырды" деген күдікке ілінген 29 жастағы Имран Музаффаров "тағылған айыпты толық мойындайтынын" айтты. Бұл туралы соттан Азаттық тілшісі хабарлады.

Сот отырысына айыпталушы мен оның туыстары, адвокаты Закир Асадов, куәгерлер мен прокурор Айдос Лебаев қатысты.

Адвокат Закир Асадов сот отырысына төрағалық етіп жатқан судья Эленора Бакировадан сот залынан Азаттық тілшісі мен куәгерлердің уақытша шыға тұруын сұрады. Залдан шыққандарды бірнеше минуттан соң қайта кіргізген судья айыпталушы тарап соттан істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұрағанын xабарлады. Судья бұған қоса сотталушы мен адвокаты журналистердің сурет пен видеоға түсіруіне қарсы болғанын айтты. Содан кейін сөз айыпталушыға берілді. Айыпталушы тағылған айыпты "толық мойындайтынын" мәлімдегеннен кейін судья жарыссөзге көшті.

Прокурор Айдос Лебаев судьядан жарыссөзге дайындалуға уақыт беруді сұраған соң жарыссөз қазанның 4-іне қалдырылды.

Қамауға алынғанына бес ай болған Имран Музаффаров Қылмыстық кодекстің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша айыпталып отыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG