Accessibility links

Ақтөбеде көп қабатты үйден өрт шықты


Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 73-үйден шыққан өрт. 4 қазан 2018 жыл.
Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 73-үйден шыққан өрт. 4 қазан 2018 жыл.

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан көп қабатты үй өртеніп жатыр. Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, өрт он қабатты 73-үйдің үшінші подъезінің үшінші қабатынан басталған.

Ақтөбедегі көп қабатты үй өртенгенде 200 адам эвакуацияланды. Қою түтін ортасында қалып қойған үш тұрғын құтқарылды.

Өртенген үй әлі де тексеріліп жатыр. Облыстық әкімдіктің алдын-ала таратқан мәліметі бойынша, зардап шеккендер жоқ

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ернұр Өтегеновтің айтуынша, өрт жергілікті уақытпен сағат 14:10-да басталған. Өрт жалыны тоғызыншы қабатқа дейінгі пәтерлерді шарпыды. Өрт әлі сөндіріліп жатыр.

Өрт болған үй жанында өрт сөндірушілерден өзге жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жүр. Оқиға орнына қала мен облыс басшылары да барды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG