Accessibility links

АҚШ: Ресейдің жеті агенті кибершабуыл жасады


Нидерландтан шығарылған ресейлік хакерлер мен ГРУ офицерлері.
Нидерландтан шығарылған ресейлік хакерлер мен ГРУ офицерлері.

АҚШ Ресей әскери барлау қызметінің жеті өкілі бірнеше мемлекетке кибершабуыл жасады деп мәлімдеді. АҚШ Әділет министрлігі айыпталып отырған жеті ресейліктің аты-жөнін жариялады. Олардың бәрі Ресейдің Бас барлау басқармасының (ГРУ) қызметкерлері делінген. Олар - Алексей Моренец, Евгений Серебряков, Иван Ермаков, Артем Малышев, Дмитрий Бадин, Олег Сотников және Алексей Минин.

Аты-жөні аталғандардың төртеуі - Моренец, Серебряков, Минин және Сотников биыл сәуір айында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымның Нидерландтағы штаб-пәтеріне кибер шабуыл жасамақ болған кезде анықталып, елден шығарылған.

Ал Ермаков, Малышев пен Бадин АҚШ-тағы президент сайлауына араласпақ болды деген іске байланысты айыпталған.

Мәлімдемеде ресейліктер Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік базасына, Пенсильваниядағы атом электр станциясына да шабуыл жасамақ болды делінген.

Қазанның 4-і күні Ұлыбритания, Нидерланд, Канада да Ресейдің барлау қызметін айыптаған. Нидерланд және Ұлыбритания премьер-министрлері Марк Рютте мен Тереза Мэй ресейлік әскери барлау қызметі ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісімді сыйламай отыр деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG