Accessibility links

Шымкентте базар өртенді


Төтенше жағдай қызметкерлері Шымкенттегі "Алаш" базарынан шыққан өртті сөндіріп жатыр. 4 қазан 2018 жыл. Сурет Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынды.
Төтенше жағдай қызметкерлері Шымкенттегі "Алаш" базарынан шыққан өртті сөндіріп жатыр. 4 қазан 2018 жыл. Сурет Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынды.

Қазанның 4-і күні түнде Шымкенттегі Темірлан күре жолында орналасқан "Алаш" базарынан өрт шықты өртенді. Бұл туралы Азаттыққа Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызы хабарлады.

Зарипа Абдуллақызының айтуынша, өрт түнгі сағат 21:12-де сауда нүктелерінің бірінде басталған. Оқиға орнына 10 минутта барған төтенше жағдай қызметкерлері өртті сағат 22:16-да толық сөндірген.

"Алаш" базарындағы жеке кәсіпкердің бес бутигіндегі қысқы киімдер өртенген. Қазір өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Өртті сөндіру кезінде жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкері және жергілікті әкімдік қызметкерлері де жұмыс істеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG