Accessibility links

Франция полициясы жоғалған Интерпол басшысының әйелін қорғауына алды


Интерпол президенті Мэн Хунвэй.

Франция полициясы Қытайда жоғалып кеткен Интерпол президенті Мэн Хунвэйдің әйелін қорғауына алды деп жазады британдық Independent басылымы. Бұған дейін шенеуніктің әйелі әлдекімдердің телефон мен әлеуметтік желілер арқылы өзіне қоқан-лоқы жасағаны туралы хабарлаған.

Интерпол басшысының жоғалып кеткені қазанның 5-і күні белгілі болған. БАҚ хабарлауынша, қазір Францияның Лион қаласында тұрып жатқан Мэн Хунвэйдің әйелі қыркүйектің соңында Қытайға кеткен жұбайы байланысқа шықпай қалғанын айтып, полицияға хабарласқан.

Гонконг баспасөзі Интерпол президентін Қытайға ұшып келген бетте полицияға тергеуге шақыртып, ұстаған болуы мүмкін деп топшылайды.

Франциялық Le Monde газетінің болжамынша, Мэн Хунвэйдің ұсталуы Қытай билігінде ықпалға ие болу үшін жүріп жатқан күреспен байланысты болуы ықтимал.

Франция ішкі істер министрлігі шенеуніктің қай жерде екенін сұрап Пекинге сауал жолдаған. Бірақ әзірге оған жауап алмаған.

Мэн Хунвэй осыдан екі жыл бұрын Интерпол басшылығына келген. Ол осы қызметке тағайындалған Қытайдың алғашқы өкілі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG