Accessibility links

Чепиганың жүргізуші куәлігінің көшірмесі жарияланды

Зерттеушілердің болжамынша, "Руслан Боширов" пен ресейлік әскери барлау қызметкері Анатолий Чепига - бір адам.
Зерттеушілердің болжамынша, "Руслан Боширов" пен ресейлік әскери барлау қызметкері Анатолий Чепига - бір адам.

Conflict Intelligence Team зерттеу тобы Анатолий Чепиганың атына берілген жүргізуші куәлігінің фотокөшірмесін жариялады. Зерттеушілер бұл суретті аты-жөнін жасырған дерек көзінен алғандарын айтады. Құжат 2009 жылы мамырда Ресейдің Хабаровск қаласында он жыл мерзімге берілген.

Bellingcat зерттеу тобының, The Insider басылымының және ВВС-дің Орыс қызметінің деректері бойынша, Анатолий Чепига ресейлік әскери барлау қызметкері болуы әбден мүмкін. Оның бет-әлпеті Ұлыбритания билігі Солсбериде ресейлік бұрынғы барлаушы Сергей Скрипаль мен қызы Юлияға жасалған қастандыққа күдікті деп санайтын "Руслан Бошировқа" қатты ұқсайды.

Қыркүйектің басында Ұлыбритания билігі биылғы наурыздың 4-і күні Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен қызы Юлияға қарсы жүйкені жансыздандыратын аса улы зат қолдануға күдікті саналатын екі ер адамның бейнебақылау камерасы түсірген фотосуретін жариялаған. Полиция мәлімдемесінде ол екі адамның Ұлыбритания аумағына "Руслан Боширов" және "Александр Петров" деген ресейлік азаматтарға берілген паспортпен келгені айтылған.

Скрипальге қастандық қалай жасалды?

Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілердің бірі - Александр Петров.
1/14 Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілердің бірі - Александр Петров.
Екінші күдікті - Руслан Боширов. 
2/14 Екінші күдікті - Руслан Боширов. 
"Боширов" есімді күдікті Лондондағы Гэтвик әуежайында тұр. Бақылау камераларынан алынған кадр. Жұма, 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
3/14 "Боширов" есімді күдікті Лондондағы Гэтвик әуежайында тұр. Бақылау камераларынан алынған кадр. Жұма, 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
Ұлыбритания полициясы "Петров" деп атаған адам Гэтвик әуежайында. 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
4/14 Ұлыбритания полициясы "Петров" деп атаған адам Гэтвик әуежайында. 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
Күдіктілер Солсбери теміржол вокзалында Лондонға кететін пойызды күтіп тұр. Сенбі, 3 наурыз, 16:11. 
5/14 Күдіктілер Солсбери теміржол вокзалында Лондонға кететін пойызды күтіп тұр. Сенбі, 3 наурыз, 16:11. 
Жексенбі, 4 наурыз, 11:48. Күдіктілер Солсбериге қайта келген сәт. Олар теміржол вокзалынан шығып барады. 
6/14 Жексенбі, 4 наурыз, 11:48. Күдіктілер Солсбериге қайта келген сәт. Олар теміржол вокзалынан шығып барады. 
Күдіктілер Солсберидегі Уилтон-роуд көшесінде тұр. Сергей мен Юлия Скрипальды улар алдындағы сәт. 4 наурыз, 11:58.
7/14 Күдіктілер Солсберидегі Уилтон-роуд көшесінде тұр. Сергей мен Юлия Скрипальды улар алдындағы сәт. 4 наурыз, 11:58.
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:05. 
8/14 Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:05. 
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:08. 
9/14 Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:08. 
Күдіктілер Солсбериден Лондонға қайтып барады. 4 наурыз, 13:50. 
10/14 Күдіктілер Солсбериден Лондонға қайтып барады. 4 наурыз, 13:50. 
Күдіктілер Лондондағы Хитроу әуежайында төлқұжат тексеруінен өтіп жатыр. 4 наурыз, 19:28. 
11/14 Күдіктілер Лондондағы Хитроу әуежайында төлқұжат тексеруінен өтіп жатыр. 4 наурыз, 19:28. 
Полиция күдіктілер қонған City Stay Hotel қонақ үйін тексеріп жатыр. 5 қыркүйек. 
12/14 Полиция күдіктілер қонған City Stay Hotel қонақ үйін тексеріп жатыр. 5 қыркүйек. 
&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Полицияның мәліметіне сәйкес, &quot;Новичок&quot; уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген.&nbsp;</span>
13/14  Полицияның мәліметіне сәйкес, "Новичок" уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген. 
Чарли Роули тауып алған Nina Ricci Premier Jour деген жазуы бар қорап.&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.</span>
14/14 Чарли Роули тауып алған Nina Ricci Premier Jour деген жазуы бар қорап. Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.
Previous slide
Next slide

Бұған дейін Bellingcat тобы қазанның 9-ы күні британ парламентінің қауымдар палатасында Солсбериде Скрипальдерге жасалған қастандыққа күдікті екінші адамның шын аты-жөні жарияланады деп хабарлаған.

Қыркүйекте Bellingcat пен The Insider аты-жөні аталмаған дерек көздерінен алынған, "Петров" пен "Бошировқа" қатысты құжаттардың фотокөшірмелерін бірнеше рет жариялаған. Солардың арасында Ресей федералдық миграция қызметінің базасындағы "Петровқа" паспорт берілгені туралы, "Мәлімет берілмесін" деген мөр соғылған құжат пен онда келтірілген Ресей Қорғаныс министрлігінікі болуы мүмкін телефон нөмерін жариялаған. Бұған қоса Ресей азаматы Анатолий Чепиганың "Российский паспорт" жүйесіндегі есеп картасының көшірмесі жарияланған.

Мәскеу Сергей мен Юлия Скрипальдерге жасалған қастандыққа қатысы барын жоққа шығарады. Ресей президенті Владимир Путин "Петров" пен "Бошировты" "қарапайым адамдар" деп атап, олардың ісінде "ешқандай қылмыс жоқ" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG