Accessibility links

Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды


Монсеррат Кабалье Мәскеу сахнасында. Ресей, 6 маусым 2018 жыл.
Монсеррат Кабалье Мәскеу сахнасында. Ресей, 6 маусым 2018 жыл.

Бүгін Барселонада есімі әлемге әйгілі опера әншісі Монсеррат Кабалье 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Испанияның La Vanguardia басылымы хабарлады.

Монсеррат Кабалье 1933 жылы Барселонада дүниеге келген. Ол 1954 жылы сол қаладағы Лисео театры жанындағы консерваторияны бітірген. Сахнадағы еңбек жолын 1956 жылы Базель операсы әншісі болып бастаған. 1960 жылдардың ортасына дейін Кабалье Еуропадағы түрлі опера театрларында өнер көрсеткен.

1965 жылы Монсерра Кабалье Карнеги-холлда қойылған Гаэтано Доницеттидің "Лукреция Борджиа" операсында америкалық әнші Мэрилин Хорнның орнына сахнаға шығып, ән шырқағаннан кейін оның есімі әлемге танылған. Сол жылы ол алғаш рет "Метрополитен-операда" ән салған, Кабалье ол жерде 1980 жылдардың соңына дейін өнер көрсетті.

Монсеррат Кабальенің репертуарында барлығы 100-ден астам опера партиясы болған.

El Pais басылымы әншіні қазанның 8-і күні жерлейтіні туралы хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG