Accessibility links

БҰҰ Иранды өлім жазасы үкімін орындағаны үшін айыптады


Иранда өлім жазасына кесілген Зейнаб Секаанванд Локран.

БҰҰ-ның Адам құқығы жөнідегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет өлім жазасына кесілген адамның сот үкімін орындаған Иранды айыптады. Иран билігі осыдан бес жыл бұрын 17 жастағы әйелге "күйеуін өлтірген" деген айыппен өлім жазасын тағайындаған.

Қазанның 5-і күні таратқан Бачелеттің мәлімдемесінде Зейнаб Секаанванд Локранның 2012 жылы полиция өзін ұстағаннан кейін сабап, күйеуінің қазасын мойнына алуға мәжбүр еткенін айтқаны жазылған. Бұған қоса Локранның отбасында зорлық-зомбылық көргені туралы мәлімдемесі сот барысында тиісті дәрежеде қаралмаған. Локран адам өлтіргені туралы тергеудегі сөзінен бас тартып, қылмысты мойнына алуға өзін мәжбүр еткені туралы мәлімдеген соттың соңғы отырысына дейін оны қорғаушымен қамтамасыз етпегені де айтылған.

Қазанның 2-і күні Иран әйелге шығарылған сот үкімін орындаған. "БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары мен БҰҰ Бас хатшысының бірнеше рет жасаған үндеуіне қарамастан", әйелдің отбасы үкім орындалардан бір күн бұрын оны соңғы рет көріп қалу мүмкіндігі туралы хабарлама алған дейді Мишель Бачелет мәлімдемесінде.

"Зейнаб Секаанванд Локранға қатысты жасалған көпе-көрнеу әділетсіздік қатты алаңдатады. Оны соттауға байланысты маңызды мәселелер оны өлтіргенге дейін тиісті дәрежеде қарастырылмағанға ұқсайды. Істің мәні сол, қылмыс жасалған кезде ол әлі кәмелетке толмаған болатын, ал халықаралық құқық кәмелет жасына жетпегендерге өлім жазасын кесуге тыйым салады", - деп мәлімдеген Бачелет.

Мишель Бачелет Иран үкіметін Тегеран қол қойған, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға өлім жазасын қолдануды доғаруды талап ететін екі халықаралық келісімді орындауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG