Accessibility links

Қазақстан Ресейден құс өнімдерін әкелуді шектеу мерзімін ұзартты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау комитеті Ресейден жылумен өңдеуден өтпеген құс өнімдерін, сондай-ақ құс жемін әкелуге салынған тыйымның мерзімін ұзартты. Министрлік сайтындағы ақпаратта бұл шара Ресейдің Ростов облысындағы құс фабрикасында шыққан құс тұмауына байланысты қабылданғаны айтылған.

Комитеттің хабарлауынша, бұған дейін құс тұмауы ошақтарына байланысты Қазақстан Ресейдің бірнеше аймағында орналасқан құс фабрикаларының өнімдерін елге әкелуге тыйым салған. Атап айтқанда, Ресейдің Алтай өлкесі, Саха республикасы, Астрахан облысы, Қалмақ республикасы, Курск, Пенза, Самара, Орлов, Ростов облыстарынан құс өнімдері мен құс жемін әкелуге шектеу қойылған болатын.

"Қазіргі уақытта ресейлік Кеден одағы кәсіпорындарының реестрінде құс өсіру және құс өнімдерін өндіру, қайта өңдеумен айналысатын 55 кәсіпорын бар, олардың өнімдерін Қазақстан Республикасы территориясына енгізуе шектеу қойылған", - деп хабарлайды Ветеринарлық бақылау комитеті.

Құс тұмауы – құстың жаппай қырылуына себепкер қатерлі вирустық індет, ол адамға да жұғуы мүмкін. Құс тұмауына шалдыққан құстарды жояды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG