Accessibility links

АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы елшісі Кабулда келіссөз өткізді


Залмай Халилзад, АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы елшісі.
Залмай Халилзад, АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы елшісі.

АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы елшісі Залмай Халилзад Кабулға барып, ауған үкіметі мен "Талибан" қозғалысы арасында бейбіт келісім жасасу мәселелері бойынша билік өкілдерімен келіссөз жүргізді.

Тегі ауғандық америкалық дипломат, АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы елшісі қызметтерін атқарған 67 жастағы Залмай Халилзад қыркүйекте АҚШ Мемлекеттік департаменті тобының құрамына енген. Бұл топ Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" қозғалысының арасында келіссөз ұйымдастырып, бітістіруге күш салып жатыр.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің баспасөз хатшысы Залмай Халилзад Кабулға келген соң президентпен кездескенін хабарлады. Баспасөз хатшысы бұған қоса арнайы елші 8 қазанда Кабулда министрлермен және жоғары лауазымды дипломаттармен кездесетінін айтты.

АҚШ мемлекеттік департаменті бұған дейін Халилзад тәліптерді бейбіт келіссөзге тарту мәселелеріне басшылық жасайтынын хабарлаған. Халилзад бастаған ведомствоаралық делегация осы аптаның соңына дейін Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабиясына бармақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG