Accessibility links

Зейнеткер Тарасовтар Өскеменде наразылық акциясын өткізіп жатыр


Шығыс Қазақстан облысында тұратиын зейнеткер Валентина Тарасова облыстық сот алдында жолға жатып алып қарсылық акциясын өткізіп тұр. Өскемен, 8 қазан 2018 жыл.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер 77 жастағы Владими рТарасов пен 72 жастағы Валентина Тарасова қазанның 8-і күні облыстық сот алдында жолға жатып алып, наразылық акциясын өткізіп жатыр. Тарасовтар облыстық сот ғимаратына кіретін жолда кезекпен кезек көлденең жатып алып, көліктердің сотқа кіруіне кедергі жасап жатыр. Көліктер сот аумағына кіріп-шыға алмай жатқанына қарамастан, акция әзірге тыныш өтіп жатыр.

Тарасовтар азаматтық істер жөніндегі қалалық соттың шешімін қолдаған облыстық соттың әрекетіне қарсылық танытып жатыр. Олардың сөзінше, азаматтық істер жөніндегі судья Әділет министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының бірнеше адвокатына қарсы шағымы бойынша сот процесінде Тарасовтарға өз бетімен талап білдіре алатын үшінші тұлға мәртебесін емес, куәгер мәртебесін берген. Облыстық адвокаттар алқасы бұған дейін ұлдары Григорий Тарасовтың өлімі себептерін тергеуді жалғастыру жолындағы күресте Тарасовтардың мүддесін қолдаған.

Тарасовтардың Әділет министрлігінің үстінен түсірген шағымы бойынша, бұл бірнеше адвокат 2013 жылы қаза тапқан ұлының өлімін сот тергеуі кезінде адвокаттық этиканы бұзған. Тарасовтар Өскемен қалалық азаматтық істер жөніндегі соты судьяларының этика бұзғанын білген кезде наразылық танытып, сот залынан кетіп қалған. Алайда, судья Тарасовтар қатыспаса да, сот отырысын өткізіп, адвокаттардың бірін лицензиясынан айыруды сұраған Әділет министрлігінің өтінішін қанағататндырмау туралы шешім шығарған.

Тарасовтардың сөзінше, бұл мәселе бойынша облыстық сот басшылығымен тіл табысу мүмкін болмаған. Облыстық сот төрағасы өздеріне жоғары сот инстанциясына шағымдануға кеңес берген.

Азаттық тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасымен сөйлесе алмады.

Тарасовтар 5 қазан күні де осыған ұқсас наразылық акциясын өткізген. Ол кезде Владимир Тарасов полиция қызметкерлері өзін ұстамақ болған кезде конституция кепілдік берген құқығын пайдаланып отырғанын мәлімдеп, айқай шығарған. Полицейлер оны босатып қоя берген.


2013 жылы 23 ақпанда 39 жастағы Григорий Тарасов моншада қайтыс болған. Тергеушілер оны жазатайым көз жұмған деп санайды. Бірақ туыстары оны кісі қолынан қаза тапты деп біледі. Тергеу тобының басшысы Талғат Ібікенов 2017 жылы 3 тамызда қылмыстық істі тоқтатқан. Тарасовтар оның шешіміне шағымданғанымен, алғашқы инстанция соты мен апелляциялық сотта жеңілген. Григорий Тарасовтың өліміне қатысты жүргізілген тәуелсіз сараптама "моншаның жылыту қазандығы өздігінен жарылмаған, оны жаруға айғақтарды жойып жіберу мақсатымен сырттан ықпал еткен" деген қорытынды шығарған.

Тергеу тобының басшысы Ібікенов бұған дейін де істі тоқтатқан еді, бірақ Тарасовтар қарсылық акцияларын өткізіп және мемлекеттік органдарға жүгініп, тергеуді қайта бастатқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG