Accessibility links

АҚШ Дерипасканың жылжымайтын мүліктерін бұғаттады


Олег Дерипаска, ресейлік миллиардер.
Олег Дерипаска, ресейлік миллиардер.

АҚШ билігі ресейлік миллиардер Олег Дерипасканың активін және Нью-Йорк пен Вашингтонда орналасқан жылжымайтын мүліктерін бұғаттады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігіне сілтеме жасаған New York Post басылымы хабарлады. Дерипасканың бұғат салынған жылжымайтын мүліктері қатарында Манхэттендегі құны 40 миллион доллар тұратын бес қабатты жеке үйі бар.

АҚШ енді Дерипаскаға Еуропадағы активтері санкцияға ілінуі мүмкін екенін ескертіп, одан бас тартуды ұсынып отыр.

Басылым дерегінше, Дерипаска АҚШ билігімен Нью-Йорктегі нысандарында олигарх Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелі Дарья Жукова мен балалары тұрсын дегенге келіскен. Дарья Жукова - АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамптың құрбысы.

АҚШ биыл сәуірде әлемдегі ең ірі алюминий компанияларының бірі UC Rusal мен оның иесі Олег Дерипасканы санкция тізіміне қосқан. Америкалық жеке және заңды тұлғаларға санкцияға ілінген құрылымдармен қандай да бір келісім жасасуға тыйым салынған.

Қыркүйекте Армениядағы UC Rusal компаниясына тиесілі "Арменал" зауыты санкция әсерінен өнім өндіруді азайтуға мәжбүр болған. Тамыз айында UC Rusal-дың АҚШ-қа алюминий жеткізетін Надвоицкий алюминий зауыты жұмысын тоқтатқан. Компания есебінше, жағдай қиындады дегеннің өзінде биылғы өндіріс көлемі бизнес жоспардың 50-70 пайызына дейін құлдырауы мүмкін. Бұған дейін Bloomberg агенттігі АҚШ санкциясының салдарынан UC Rusal-дың өндіріс көлемін азайтуға дайындалып жатқанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG