Accessibility links

Уәкіл жартылай жекеменшік балабақшаларды лицензиялауды ұсынды


Балабақшадағы балалар (Көрнекі сурет).
Балабақшадағы балалар (Көрнекі сурет).

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Асхат Шәкіров балабақшаларда тәрбиешілердің балаларға қатыгездік таныту оқиғасы жиілеуіне байланысты Білім және ғылым министрлігінен балабақшаларды лицензиялау мәселесін қарастыруды сұрады.

Асхат Шәкіровтің білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атына жолдаған үндеуі қазанның 8-і күні омбудсмен сайтында жарияланды. Онда Асхат Шәкіров мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі аясында ашылған балабақшаларда тәрбиешілердің балаларға қатыгездік танытатыны туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та бейнежазбалар көбейгенін және осыған байланысты омбудсмен атына тұрғындардан шағым да жиі түсетінін айтады.

Уәкіл мұндай жағдай Алматы, Астана, Теміртау қалалары мен Павлодар облысында болғанын мысалға келтіреді. Шәкіров мұндай жағдайда көп ретте балабақша басшылығы жауапқа тартылмайтынын, олар мәселені жою шараларын жасамай, жұмысын жалғастыра беретінін айтады.

Уәкіл осыған байланысты білім және ғылым министрлігіне мемлекет пен жекеменшік сектордың бірігіп балабақша ашуына рұқсат беруде лицензияны жоюдың қаншалықты тиімді екенін қайта қарауды және бұл балабақшалар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде оларды азаматтық қоғам өкілдерімен бірге үнемі тексеріп отыруды ұсынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG