Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысында дизель қымбаттады


Петропавлдағы жанармай станцияларының біріндегі дизель бағалары жазылған табло. 9 қазан 2018 жыл.
Петропавлдағы жанармай станцияларының біріндегі дизель бағалары жазылған табло. 9 қазан 2018 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында дизель бағасы шамамен 30 теңгеге (20 пайыз) қымбаттады. Бір ай бұрын Петропавлдағы жанармай бекеттерінде дизельдің бір литрі 180 теңгеден аспаған. Қазір жанармай станцияларында жаздық дизель 209-210 теңгеден сатылып жатыр. Қысқы дизель бағасы әзірге 240 теңгеден қымбаттаған жоқ.

Жергілікті билік бұл қымбатшылықты Павлодардағы мұнай-химия зауытының жөндеуге жабылып, жанар жағармайдың көрші Ресейден тасымалдануымен байланыстырады.

- Дизель отынының қымбаттауына біріншіден біздің Павлодар мұнай өңдеу зауытының биыл тамыз айында жөндеуге жабылғаны себеп болды. Сол себептен мысалы, біздің операторлар Шымкентегі зауыттан (мұнай өңдеу зауыты - ред.), Атыраудағы зыуыттан дизель тасымалдаса да ол қымбатқа шығатын еді. Сондықтан біздің орналасқан жерімізге байланысты Ресейден импортқа әкелінеді. Сол себепті баға өсіп отыр, - дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұрат Нұрқанов.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG