Accessibility links

Жазушы Шерхан Мұртаза қайтыс болды


Жазушы Шерхан Мұртаза (Сурет Әдебиет порталынан алынды).

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза 86 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасының жетекшісі Берік Уәли мен "Егемен Қазақстан" газетінің редакторы Дархан Қыдырәлі хабарлады.

Шерхан Мұртаза 1955 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 26 жасында "Құрылысшы Дәку" атты алғашқы кітабы жарық көрген.

"Лениншіл жас" (қазіргі - "Жас Алаш"), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі - "Егемен Қазақстан") газетінің редакторы болған. 1992–1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.

Жазушы "Табылған теңіз", "Белгісіз солдаттың баласы", "Мылтықсыз майдан" повестері, "41-жылғы келіншек", "Интернат наны" әңгімелері, "Қара маржан», бес кітаптан тұратын "Қызыл жебе", "Ай мен Айша" (1999) романдарын жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG