Accessibility links

52 жастағы Зүлфия Ғабидуллина Пара Азиада чемпионы атанды


Қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина Риодағы паралимпиада ойындарында. 8 тамыз 2016 жыл.
Қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина Риодағы паралимпиада ойындарында. 8 тамыз 2016 жыл.

Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан Пара Азия ойындарында қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина 100 метрге жүзуде алтын алды. Ол 2016 жылы дәл осы қашықтықта Паралимпиада чемпионы атанған.

Пауэрлифтингтен Рио паралимпиадасында күміс алған Раушан Қойшыбаева Джакартада қола жүлде иеленді. Қазір Қазақстан 3 алтын, 6 күміс, 6 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Бұған дейін жүзуден Сиязбек Далиев пен Ержан Сәлімгереев Джакартадағы Пара Азия ойындарының чемпионы атанған.

Жалпы есепте 63 алтын алған Қытай бірінші, Оңтүстік Корея екінші (22 алтын), Өзбекстан (15 алтын) үшінші орында келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар қатысатын Пара Азия ойындары 16 қазанда аяқталады.

2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен Пара Азия ойындарында Қазақстан 7 алтын, 6 күміс, 11 қоламен жалпы есепте 11-орын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG