Accessibility links

Дзюдошы Садуақас - жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы


Бекарыс Садуақас (ақ формада) олимпиада ойындарында. 9 қазан 2018 жыл.
Бекарыс Садуақас (ақ формада) олимпиада ойындарында. 9 қазан 2018 жыл.

Буэнес-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиадада 9 қазанда Қазақстан бір алтын, бір күміс алды.

Дзюдодан ұлдар арасында 100 келіде Бекарыс Садуақас финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңді. Ол финалға дейін ирандық Аболфази Бахтиариден, жартылай финалда венгриялық Зомбор Вегтен басым түсті.

Дзюдодан қыздар арасында 78 келіде Маргарита Гриценко финалда германиялық Раффаэла Иглден жеңіліп, күміс алды. Гриценко ширек финалда эквадорлық Эдит Ортизді, жартылай финалда чехиялық Эстер Свободованы жеңді.

Биылғы жазғы олимпиадаға Қазақстан 41 жолдама иеленді. Олар жүзу, бокс, күрес, дзюдо, баскетбол, суға секіру, триатлон, гимнастика, теннис, жеңіл атлетика, каратэ, таэквондо сында спорт түрлерінен медальға таласады.

Буэнес-Айрестегі жасөспірімдер олимпиадасына 206 елден 4012 спортшы қатысады.

18 жасқа дейінгі спортшылар қатысатын Жасөспірімдер олимпиадасы 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алғашқы олимпиада Сингапурде өтіп, Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 2 қоламен жалпы есепте 24-орын алған. 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласындағы Жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 4 қоламен 21-орынды иеленген.

Аргентинадағы олимпиада 18 қазанда аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG