Accessibility links

Астана: Қазақстандық құс өніміне Қырғызстанның шектеу қоюы жөнсіз


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның Ауылшаруашылығы министрлігі Қырғызстанның Қазақстаннан тауық еті мен жұмыртқа импорттауды шектеуі заңсыз деп мәлімдеді.

Қазанның 10-ы күні таратқан хабарламасында миинстрлік Алматы облысында соңғы 10 жылда құстан ауру шықпағанын айтады. Ал Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында құстардың Ньюкасл ауруына шалдыққанына байланысты енгізілген карантин 19 қыркүйекте алынған.

"Осыған байланысты, Қырғызстанның алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан облысынан тауық еті мен жұмыртқа жеткізуге қойған шектеуі жөнсіз" делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік осыған байланысты Қырғызстан үкіметі жанындағы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияға хат жолдаған.


Қырғызстан қазанның 9-ында "Қазақстанмен шектесетін аймақта құс тұмауы індетінің өрши түсуіне байланысты" Қазақстаннан тауық етін импорттауға уақытша шектеу қойған. Қырғызстанның ресми органы бұған қатысты Қазақстан билігіне жағдайды анықтау үшін ресми сұрау жолдаған.

Қырғызстан үкіметі жанындағы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция Қазақстан ветеринарлық қызметінің жауабына байланысты шектеу алынып, я ұзартылатынын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG