Accessibility links

Тәжікстанда ҮЕҰ қаржылық есебін беруге міндеттелді


Тәжікстан парламенті (Көрнекі сурет)
Тәжікстан парламенті (Көрнекі сурет)

Тәжікстан парламенті елдегі барлық үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) мемлекеттен және шетелдерден алатын қаржысы жөнінде есеп беруге міндеттеді. "Қоғамдық бірлестіктер жөніндегі" заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қоғамдық ұйымдар қаржы көзі жайында есеп беріп, оны жеке сайттарында жариялауға тиіс.

Заңға енгізілетін өзгерістерді парламентте таныстырған Тәжікстан Ұлттық банкі төрағаcының орынбасары Хамидулло Машрабзода өзгерістер Қылмыстық жолмен табылған қаржыны жымқырумен күрес шаралары жөніндегі топтың (Financial Action Task Force on Money Laundering - FATF) ұсыныстары бойынша дайындалғанын айтты.

"Барлық қоғамдық бірлестіктер жылына бір рет қаржылық есеп беріп, оны сайттарына жариялауы тиіс. Бұл есеп оларды тіркеген органдарға ұсынылады. Ал тиісті мекеме оны Ұлттық банкке жібереді" дейді Хамидулло Машрабзода.


"Еркін азаматтар кеңсесі" қоғамдық бірлестігінің өкілі Дилафруз Самадова онсыз да қоғамдық ұйымдар жыл сайын билікке есеп беретінін айтады. "Біз Әділет министрлігі мен салық комитетіне есеп беріп отырамыз" дейді ол.

Тәжікстан Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, 2017 жылы Тәжікстанға үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына көмек ретінде шетелден 854 миллион 117 мың сомони (100 миллион доллар шамасында)​ грант бөлінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG