Accessibility links

Түркия Идлибте деэскалация аймағы құрылғанын мәлімдеді


Идлиб провинциясының шығысында Абу Духур елді мекенінде ту тігіп жатқан Ресей сарбаздары. Сирия, 25 қыркүйек 2018 жыл.
Идлиб провинциясының шығысында Абу Духур елді мекенінде ту тігіп жатқан Ресей сарбаздары. Сирия, 25 қыркүйек 2018 жыл.

Түркия Сирияның Идлиб провинциясынан деэскалация аймағы (әскер шығарылған аймақ) құрылғанын мәлімдеді.

Осының алдында Ресей мен Түркия Идлибте қауіпсіз аймақ құру туралы келісімге келген. Бұл келісімге сәйкес, оппозициялық топ та аймақтан ауыр әскери техникаларын шығаруы тиіс. Деэскалация аймағында тек Ресей мен Түркияның бақылау күзеті қалады. Олар соғыстың тоқтағанын бақылайды.

Бірақ Сириядағы ең ірі жиһадшылар тобының бірі "Тахрир аш-Шам" ұйымы бұл келісімге қатысты пікірлерін білдірмеді.

Түркия мен Ресейдің демилитаризация аймағын құру келісімі Сирия үкіметінің Идлибке шабуылдауының алдын алды. БҰҰ мен әлем елдерінің басшылары бұл соғыс 3 миллион халқы бар Идлибтегі жағдайды ушықтырып жібереді деп дабыл қаққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG