Accessibility links

Армения премьері: 16 қазанға дейін отставкаға кетемін


Никол Пашинян, Армения премьер-министрі.
Никол Пашинян, Армения премьер-министрі.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кететінін мәлімдеді деп хабарлады Азаттықтың Армян редакциясы - Азатутюн радиосы.

France24 агенттігіне сұхбат берген Никол Пашинян "Негізінде, болжаммен сайлау 9-10 желтоқсанда өтеді деп айта аламын. Бұдан бірнеше күн ары, я бері де өтуі ықтимал. Осы себепті мен 16 қазанға дейін отставкаға кетуім керек" деді.

Армения премьер-министрі бұл сұхбатына дейін отставкаға кететін күнін айтпаған. Бұның алдында Азатутюн радиосымен әңгімеде ол парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізудің бір ғана жолы барын айтқан. Ол сценарий бойынша, Пашинян отставкаға кетіп, сосын парламент оны екі ретінде де қайтадан премьер-министр қылып сайлай алмауы керек. Бұдан кейін заң бойынша парламент тарап, сайлау өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG