Accessibility links

БАҚ: Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесі апатқа ұшырады


Байқоңырдан ұшырылған "Союз МС-10" ғарыш кемесі. 11 қазан 2018 жыл.
Байқоңырдан ұшырылған "Союз МС-10" ғарыш кемесі. 11 қазан 2018 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағынан 11 қазан күні ұшырылған "Союз" ғарыш кемесі апатқа ұшырады. Бұл туралы Байқоңырдағы дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, кеме экипажы аман, Қазақстан аумағына апатты жағдайда қонуы тиіс. Дереккөз зымыран ұшырылған соң оның қозғалтқышының екінші сатысы істен шықтан.

Агенттік қазір экипажбен байланыс үзілмегенін, ал ғарышкерлер отырған аппарат парашютпен жерге жақындап келе жатқанын айтады.

Оқи отырыңыз: Ғарыш саласында Ресей бәсекелесінен қалып барады

Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған "Союз МС-10" экипажында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг бар.

Азаттық бұл ақпаратқа қатысты Ресейдің Роскосмос мекемесіне хабарласты. Мекеме ресми сауал жолдауды сұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG