Accessibility links

Вашингтон штатында өлім жазасына тыйым салынды


Вашингтон жоғарғы сотының ғимараты (Көрнекі сурет).
Вашингтон жоғарғы сотының ғимараты (Көрнекі сурет).

Вашингтон штатында өлім жазасын қолдануға тыйым салынды. Washington Post басылымының хабарлауынша, бұл туралы шешімді штаттың жоғарғы соты қабылдады. Бұған дейін Вашингтон штатында өлім жазасына мораторий жарияланған еді.

Сот шешімі бойынша, ендігі шығарылып қойған өлім жазалары өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылуы тиіс. Штат түрмелерінде бұған дейін өлім жазасына кесілген сегіз тұтқын отыр. Олардың тағдыры қалай болары әзірге белгісіз.

АҚШ-тың 30 штатында өлім жазасы әлі бар, бұған қоса федералдық заңнамаларда өлім жазасы қарастырылған. АҚШ конституциясына енгізілген сегізінші түзету бойынша, өлім жазасы кісіні аса ауыр жағдайда өлтірген және ол қылмысын жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, кәмелетке толған адамдарға ғана қолданылады.

Соңғы жылдары АҚШ-та өлім жазасына кесілгендер саны айтарлықтай азайып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG