Accessibility links

БАҚ: Лондон мен Брюссель Brexit жайлы уағдаластық жасасуға шақ тұр


Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.
Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй үкіметті Еуропа Одағымен (ЕО) Brexit туралы уағдаластық жасасуға шақ тұрғаны туралы хабардар етті. Бұл туралы келіссөзге жақын өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Financial Times басылымы хабарлады.

Ұлыбритания ЕО-дан 2019 жылдың наурызында шығады деп жоспарланған. Алайда, Лондон мен Брюссель бұл мерзімге дейін Brexit шарттарына қатысты өзара келісім жасай ала ма және келісім жасалмаса не болады деген сауалдарға әзірге жауап жоқ.

Биыл шілдеде британ үкіметі ЕО-дан шығу туралы келісім жобасын ұсынған. Ол бойынша, Ұлыбритания экономиканың бірқатар саласында еуропалық стандарттарды сақтайды және Еуропаның ортақ нарығында ауылшаруашылығы тауарларын шектеусіз саудалау құқығына ие болады. Еуропа Одағының болашағына күмәнмен қарайтындар оны өте "жұмсақ" және тиімсіз келісім деп атаған.

Британдық басылымдар бұған дейін Лондонның Еуропа Одағымен келіссөзі сәтсіз болып, Тереза Мэйдің үкіметтегі позициясы шайқала түскенін хабарлаған. Бірақ премьер-министр келіссөз сәтсіз болды дегенге әлі ерте деуден танбай отыр және Ұлыбританияның ЕО құрамынан қандай да бір келісім ("қатаң Brexit" деп аталатын келісім) жасаспай шығуға дайын екенін айтады. Лейбористер мен басқа да оппозициялық күштер бұған қарсы шығады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG