Accessibility links

Астанада Олжас Сүлейменовтің жиенінің қазасына қатысты сот басталды


Астананың Есіл аудандық №2 соты.
Астананың Есіл аудандық №2 соты.

Астанада қазанның 12-сі күні ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменовтің жиені, 26 жастағы Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апатына қатысты сот процесі басталды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Есіл аудандық №2 сотында басталған процесте жәбірленуші жақ кейбір куәгерлердің сотқа келмей қалуына байланысты отырысты басқа күнге ауыстыруды сұрады. Бұдан соң судья сот отырысын 17 қазанға шегерді.

Астанада 22 маусым күні кешке қаланың орталығында болған жол апатына 29 жастағы Малика Мұхитова айыпталып отыр. Ол Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың қызы. Полиция жеңіл көлікті жүргізген 1989 жылы туған қыз Мәңгілік ел көшесімен келе жатып солға бұрылатын кезде Ескендір Сүлейменов мінген мотоциклмен соқтығысқанын айтады. Мотоциклші жарақат алып, қайтыс болған.

Бұдан соң полиция "Көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне соқтырған әрекеті" бабымен тергеу бастаған. Жол апатына күдікті кепіл төлеп босатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG