Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер шабуылынан бірнеше сарбаз оққа ұшты


Кундуз уәлаятында бекіністе тұрған ауған қауіпсіздік қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Кундуз уәлаятында бекіністе тұрған ауған қауіпсіздік қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның Кундуз уәлаятына тәліптер шабуыл жасап, кем дегенде 15 әскери қызметкер қаза тапты. Уәлаят кеңесінің өкілдері Амруддин Уәли мен Сайед Асадулла Садат Калайи-Зал ауданында тексеру және өткізу бекетіне жасалған шабуылдан шекара полициясының 15 қызметкері мерт болғанын хабарлады. Олардың сөзінше, он шақты әскери қызметкер жараланған. Шабуылды "Талибан" қозғалысы мойнына алды.

Ал Ауғанстан бас барлау қызметінің хабарлауынша, Вардак уәлаятындағы операция барысында ауған арнайы жасақтары әуе күштерінің қолдауымен кем дегенде 21 тәліптің, оның ішінде командирінің көзін жойған. Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік директориатының мәлімдеуінше, содырлар 20 қазанға белгіленген парламент сайлауына кедергі келтіру үшін шабуыл жасамақ болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG