Accessibility links

Алматыда қарулы топ ұсталғаны хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында Алматы облысының тұрғыны К.Әлиев жетекшілік еткен "қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ" ұсталғаннын хабарлады.

ҰҚК мен Қазақстан ішкі істер министрлігі ұйымдастырған арнайы операция 10 қазанда Алматыда өткен. ҰҚК хабарлауынша, операция кезінде алты адам ұсталған.

"Қылмыстық топтың негізгі құрамы құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінен тұрғаны анықталды. Олар 13 қыркүйекте Жамбыл облысының Отар станциясында кәсіпкер Р. Агагуллинге қарақшылық шабуыл жасап, 107 мың доллар, 4 миллион рубль және 23 мың еуроны алып кеткен. Операция кезінде ұсталғандардан сегіз пистолет пен мылтық, 140 дана оқ-дәрі тәркіленді" деп хабарлады ҰҚК.

Қазіргі уақытта осы іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG