Accessibility links

ЕҚЫҰ: Ресейден Украинаға қару алып кірген колонна байқалды


Донбастағы қарулы жанжал аймағы. (Көрнекі сурет.)
Донбастағы қарулы жанжал аймағы. (Көрнекі сурет.)

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Украинадағы арнайы мониторингтік миссиясы Ресейден Донбасқа бет алған жүк көліктері колоннасын тіркеген. Көліктердің бірінде 23 миллиметрлік саперлік зениттік қондырғы бары байқалғаны айтылады. Ұшқышсыз аппараттан түсірілген фотосуреттерді ЕҚЫҰ миссиясы Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында жариялады.


ЕҚЫҰ әлгі колоннаның түн ортасында шекаралық бақылау бекеттері жоқ аймақта қара жолмен кетіп бара жатқанын айтады. Бақылаушылардың сөзінше, осы ауданда бұған дейін де жасырын жүк тиелген көлік колоннасының Украина аумағына кіріп, кейін қайта шығып жүргені байқалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG