Accessibility links

Дағыстанда күдіктілер бекінген үйге қарсы операция жүріп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей құрамындағы Дағыстан республикасының Хасавюрт ауданында күш құрылымдары арнайы операция өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін «Интерфакс» агенттігіне дерек көзі хабарлаған.

«Полиция тексеруі кезінде Хасавюрт ауданындағы Эндирей ауылындағы жеке үйлердің бірінен белгісіз біреулер оқ атқан. Салдарынан бір құқық қызметкері жараланған. Оқиға орнына қосымша күштер жеткізілді. Үй қоршауға алынды» деп хабарлаған агенттікке дерек көзі.

Оның сөзінше, қоршауға алынған үйде қанша адам бары белгісіз. Күш құрылымдары оларға қарсы шабуыл бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG