Accessibility links

Германия Австриямен шекарадағы бақылауды ұзартпақ


Германия сыртқы істер министрі Хорст Зеехофер.
Германия сыртқы істер министрі Хорст Зеехофер.

Германия Австриямен шекарадағы бақылауды тағы жарты жыл мерзімге – биылғы қарашаның 12-інен 2019 жылғы мамырдың 19-ына дейін ұзартады. Берлин бұл туралы шешімін Австрия, Дания, Швеция және Норвегияның келісімін алған соң Еуропа комиссиясына, сонымен бірге Еуропа Одағы елдері үкіметтеріне хабарлаған.

Германия сыртқы істер министрі Хорст Зеехофердің мәлімдеуінше, қазіргі кезде Еуропа Одағының ішкі шекарасынан бақылауды алуға негіз жоқ. Шекараға бақылау 2015 жылы Шенген шекаралық кодексіне сәйкес енгізілген, сол кезде Еуропаның сыртқы шекарасының жеткілікті дәрежеде қорғалмағандығының салдарын Германия әлі күнге көріп келеді, себебі, елге миграция қайта күшейіп отыр делінген Сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланған мәлімдемеде.


Бұған дейін Германиядан соң Австрия, Дания, Швеция, Франция мен Норвегия шекара бақылауын қалпына келтірген. Полицияның мәліметінше, 2017 жылы Австрия мен Германия арасындағы шекарада 14600-дей адам ұсталған, олардың жартысына жуығы келген жағына кері қайтарылған. 2018 жылдың алашқы төрт айында шекарада 3800 адам ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG