Қазанның 13-і күні Астана уақытымен сағат 15:55 кезінде Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 602 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
3,8 магнитуданы құраған жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, жердің 5 километр терең қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.6.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ПІКІРЛЕР