Accessibility links

Ресейде санкциялық тізімге енгізілген бес тонна азық-түлікті жойды


Ресейде санкциялық тізімге енгізілген тауарларды жою. (Көрнекі сурет.)
Ресейде санкциялық тізімге енгізілген тауарларды жою. (Көрнекі сурет.)

«Россельхознадзор» қызметкерлері Мәскеудегі қоймалардың бірінен табылған бес тонна санкциялық тізімге енгізілген тауарларды, шұжық пен сиыр етін жойды деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Бұл санкция салынғалы бері жойылып отырған ең үлкен тауар партиясы деп хабарланды. Оның арасында жалпы салмағы төрт тоннаға жуық ірімшіктің 72 түрі мен бір жарым тонна шұжықтың 30 түрі бар.


Ресейде 2015 жылғы тамыздың 6-сы күні президент Владимир Путиннің «Ресей қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын жекелеген арнайы экономикалық шаралар туралы» жарлығы күшіне енген. Жақында Путин Қырымды аннексиялағаны және Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау білдіргені үшін Ресейге санкциялар салған елдерге қарсы Мәскеудің жариялаған азық-түлік эмбаргосының мерзімін ұзартқан. «Қара тізіміде» Еуропа Одағы, АҚШ, Австралия, Норвегия, Албания, Черногория, Исландия мен Лихтенштейн бар. Кейін олардың қатарына Украинаны қосқан.

Ресей билігі бақылаушылар елдегі дүкендерден тапқан «санкциялық тізімдегі» тауарларды жария түрде жойып отырады. Мұндай іс-әрекетке қарсылар санкциялық тауарлардың Ресейдегі азық-түлікке мұқтаж адамдарға тегін тарату туралы заң қабылдауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG