Accessibility links

Ауғанстанда терактіден 12 адам қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ауғанстан билік орындарының дерегі бойынша, Тахар уәлаятында болған жарылыс салдарынан кемінде 12 адам мерт болған, олардың арасында бейбіт тұрғындар да, қауіпсіздік қызметінің өкілдері де бар. Жарылыс парламент сайлауына түсіп жатқан әйел кандидатты қолдауға арналған митингіге адамдар жиналған кезде болған. Алдын ала болжам бойынша, жиын өтіп жатқан жерге қойылған мотоцикльдегі бомба жарылған. Қатты жараланғандар саны көп болуы себепті, теракт құрбандарының саны әлі өсуі мүмкін деп хабарланды.


Дерек көздерінің мәліметі бойынша, жарылыстан кемінде 32 адам зардап шеккен. Сайлаушылар алдында сөйлемек болған парламент депутаттығына кандидат Назифа Юсуф Бек жиынға келгенге дейін жарылыс болған.

Бұл терактіге жауапкершілікті әлі ешкім алған жоқ. Бұған дейін Тахар уәлаятындағы осыған ұқсас шабуылдарды «Талибан» жасаған болатын.

Ауғанстанда сайлау қазанның 20-сына белгіленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG