Accessibility links

Қазанда банкрот болған банктердің салымшылары митинг өткізді


«Татфондбанк» пен «Интехбанк» кредиторлары митингі. Қазан қаласы, 13 қазан 2018 жыл.
«Татфондбанк» пен «Интехбанк» кредиторлары митингі. Қазан қаласы, 13 қазан 2018 жыл.

Ресей құрамындағы Татарстан астанасында бүгін «Татфондбанк» пен «Интехбанк» кредиторларының митингіне 200-ден астам адам жиналды деп хабарлайды оқиға орнынан "Idel.Реалии" тілшісі.

Жиынға қатысушылар оған Татарстан президенті Рустам Миннихановті, Ресей Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллинаны және тағы бірнеше татарстандық шенеунікті шақырған. Алайда ресми тұлғалардан митингіге тек республикалық қолдау қорының басшысы Айрат Нурутдинов қана қатысқан.

Митингіге қатысушылар қабылдаған қарарда БАҚ пен билік назарын "ПСО "Казань" серіктестігі, Татарстан мемлекеттік кеңесі депутаты Равиль Зиганшин, Татарстан президенті жанындағы мемлекеттік тұрғын үй қоры, "Нэфис косметика" кәсіпорны мен "СП "Фоника" серіктестігі тәрізді ірі кепілгерлердің кредиторлар алдындағы міндеттерін орындамай отырғанына аударған. Кредиторлар орындалуын талап етіп отырған міндеттердің жалпы сомасы 35 миллиард рубльді құрайды.


Митингіге қатысушылардың сынынан кейін сөйлеген Татарстан республикалық қолдау қорының басшысы Айрат Нурутдинов ұйымдары жұмыс істеп жатқанын, тек процестің ұзаққа созылатынын мәлімдеді. Ол кредиторлар қойған сұрақтарға түгелдей жауап бере алмайтынын айтты. «Әр шенеунік өзі үшін және жұмыс істейтін саласы бойынша жауап беруі тиіс» деген ол.

Митинг соңында оған қатысушылар Татарстан президенті Рустам Миннихановтан банкрот банктердің кредиторларына берешек ақшаны өтеу үшін қаржы іздестіріп табуды және банкроттыққа кінәлілердің барлығын жауапқа тартуды талап етіп, үндеу қабылдаған. Олар сонымен бірге жеке тұлғаларға бес жыл мерзімге жылына 5 пайыздық өсіммен миллион рубль несие бөлу туралы бағдарламаны іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған. «Татфондбанк» пен «Интехбанк» банкроттығынан зардап шеккен заңды тұлғалар үшін қазір мұндай бағдарлама жұмыс істеп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG