Accessibility links

БАҚ: "Союз" зымыранын күз соңында қайта ұшыруы мүмкін


"Союз МС-10" қонған жер. Жезқазған аймағы, 11 қазан 2018 жыл.
"Союз МС-10" қонған жер. Жезқазған аймағы, 11 қазан 2018 жыл.

«Союз» ғарыш кемесі биылғы жылдың соңына қарай қайта ұшырыла бастайды. Бұл турлы Ресейдің әскери-ғарыш саласындағы дерек көзіне сілтеме жасап «Интерфакс» агенттігі хабарлады. Оның сөзінше, ғарышкерлер «Союз» кемесімен қарашаның 28-і күні ғарыш сапарына аттанады деген болжам бар.

Бұған дейін «Интерфакс» ресейлік «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап, Халықаралық ғарыш станциясын консервациялау туралы мәселе қарастырылмайтынын хабарлаған.


Қазанның 11-і күні түстен кейін Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған "Союз" зымыран тасығышы әуеге көтерілгеннен бірнеше минуттан соң апатқа ұшыраған. Зымыран тасығышқа тіркелген "Союз МС-10" ғарыш кемесі халықаралық станцияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейгті жеткізуі тиіс болған. Апаттан соң ғарышкерлер отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған.

Апаттан кейін Мәскеу ұшқыш басқаратын аппараттарды ұшыруды тоқтатқан. Бұған дейін ресейлік «Новости» ақпарат агенттігі апат себебін анықтау үшін құрылған мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш станциясын консервациялау мәселесін зерттеп жатыр деп хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG