Accessibility links

Алматыдан 558 шақырымда жер сілкінді


Қырғызстандағы таулы аймақ. (Көрнекі сурет.)
Қырғызстандағы таулы аймақ. (Көрнекі сурет.)

Қазанның 14-і күні Астана уақытымен сағат 11:16 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 558 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

4,9 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 30 километр тереңдігінде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.0.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG