Accessibility links

Ақ үйде президент Трамп пастор Брансонды қабылдады


Америкалық пастор Эндрю Брансон.
Америкалық пастор Эндрю Брансон.

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия билігі босатқан америкалық пастор Эндрю Брансонды Ақ үйде қабылдады. Кездесуге президент әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеуніктері мен БАҚ өкілдері қатысты. Оның алдында Брансонды АҚШ әскери әуе күштерінің ұшағы Вашингтон маңындағы әскери базаға жеткізген болатын.

Ақ үйдегі кездесу кезінде Трамп пастордың бостандыққа шығуы мен Отанына оралуын АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға жасалған «үлкен қадам» деп бағалады.

Пастор Брансон президенттің алдында тізесін бүгіп, Трамптың құрметіне дұға оқыды деп хабарлайды Reuters.


Түркияда екі жыл қамауды отырған америкалық пастор Эндрю Брансонды қазанның 12-і күні түрік соты «терроршылармен байланысы үшін айыпты» деп танып, үш жыл бір жарым айға бас бостандығынан айыруға үкім еткен, бірақ жаза мерзімінің қалған бөлігін өтеместен босату туралы шешім шығарған. Сол күні кешке Түркиядан Германияға ұшып кеткен пастор АҚШ-қа қазанның 13-і келген.

Түркия билігі пастор Брансонды түркиялық оппозициялық діни қайраткер, ұзақ жылдардан бері АҚШ-та тұрып жатқан Фетхулла Гүленмен байланысы бар деп айыптаған. Түркия президенті Режеп Ердоған Гүлен 2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырған және елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясын қолдайды деп мәлімдеген.

Пастор Бренсон Гүленмен байланысы туралы айыпты жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG