Accessibility links

Газада бірнеше айда ондаған палестиналық оққа ұшқан


Газа секторымен шекарада израильдік әскерилер қолданған жас ағызатын газдан қашып бара жатқан палестиналықтар. 12 қазан 2018 жыл.
Газа секторымен шекарада израильдік әскерилер қолданған жас ағызатын газдан қашып бара жатқан палестиналықтар. 12 қазан 2018 жыл.

Газа секторында, Израильмен шекарада соңғы бірнеше айда ондаған палестиналық оққа ұшқан деп хабарлайды Euronews.

Израиль әскери басшылығының өкілдері қару тек палестиналықтар тобы Израиль мен палестиналық терроритория арасын бөліп тұрған қоршаудан өтіп, израильдік әскери бекеттерге жақын барған кездері ғана қолданылған деп мәлімдеген.

Израильдіктерден ешкім зардап шекпеген, бірақ соңғы айларда болған қанды қақтығыстар барысында кемінде 140 палестиналыққа оқ тиген.

Израиль әскерилерінің хабарлауынша, кей күндері Газа секторымен шекара маңына бірнеше жүзден он мыңға дейін адамдар жиналған. Үлкен қақтығыстар кезінде палестиналықтар автокөлік дөңгелегін өртеп, израильдік сарбаздарға тас пен жанғыш заттар лақтырған.

Палестина әкімшілігі денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, биылғы наурыздың соңында шекарадағы наразылықтар басталғалы бері Газа секторында екі жүзге жуық адам қаза тапқан.


Израиль Газа секторын бақылайтын исламшыл ХАМАС тобын "шекарадағы наразылықтарды ұйымдастырып, тәртіпсіздіктерге жол беріп отыр" деп айыптайды. ХАМАС тобы оны жоққа шығарады.

Палестиналық наразылар екі миллионға жуық адам тұратын Газа секторына Израиль мен Египет тарапынан қойылған қоршауды алуды талап етеді. Сонымен бірге палестиналықтар 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін өздері қашуға мәжбүр болған немесе қуып шығарылған жерлеріне қайтаруды талап етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG