Accessibility links

БАҚ: Францияда Шешенстаннан шыққан 23 адам ұсталды


Француз полициясы (Көрнекі сурет).
Француз полициясы (Көрнекі сурет).

Париж түбіндегі Сен-Дени коммунасында полиция Шешенстаннан шыққан 23 адамды ұстады. Олар жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаған деген күдікке ілінген. Бұл туралы Францияның Le Figaro газеті хабарлады. Басылым ақпаратына қарағанда, күдіктілер 13 қазан күні ұсталған. РИА "Новости" агенттігінің Париждегі Ресей елшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, дипломаттар шешен азаматтарының ұсталғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Le Figaro-ның жазуынша, күдіктілер Парижден Шығыс Еуропаға баратын жүк көліктерінің жүргізушілерінен 200 еуродан ақша талап еткен. Полиция топ мүшелері осындай жолмен ай сайын 200 мың еуро ақша алып келген деп санайды. Полиция күдіктілерді жүргізушілерден ақша алып тұрған жерінен ұстаған. Тінту кезінде ірі көлемде ақша мен қару тәркіленген. Ұсталғандардың кейбірі радикалды исламшыл идеяларды жақтайтын адамдардың тізімінде болған.

Қыркүйектің соңында Францияда теракт жасауға дайындалды деген күдікпен Шешенстаннан шыққан 18 жастағы адам ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG