Accessibility links

Армения премьер-министрі 16 қазанда отставкаға кетеді


Никол Пашинян, Армения премьер-министрі.
Никол Пашинян, Армения премьер-министрі.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 16 қазанда отставкаға кететінін жариялайды. Бұл туралы Азаттықтың Армян редакциясымен әңгімесінде Армения үкіметінің баспасөз хатшысы Арман Егоян хабарлады.

Пашинян өткен аптада France 24 телеарнасына берген сұхбатында 16 қазанға дейін отставкаға кететінін мәлімдеген. Пашинян отставкаға кетуі арқылы парламентке мерзімінен бұрын сайлау процедурасын бастамақ.

Парламент фракцияларының мәлімдеуінше, алдағы екі аптада парламент депутаттары жаңа премьер-министрді екі рет сайлай алмай, парламент тарайды да, мерзімінен бұрын сайлау белгіленеді.

17 қазанға Армения үкіметінің кезектен тыс жиыны белгіленген.

Арман Егоянның хабарлауынша, үкімет отырысының күн тәртібіне сайлау кодексіне өзгерістер енгізу жобасын бекіту мәселесі қойылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG