Accessibility links

Сағынтаев: Игерілмеген бюджет қаржысын қайтарып аламыз


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда уақытында игерілмеген бюджет қаржысы қайтарып алынады деп мәлімдеді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Астанада үкімет отырысында сөйлеген премьер-министр енді жыл соңына дейін ай сайын әр министрліктен игерілген қаржының есебі алынатынын, ал игерілмеген қаржы оны игеруді сұрап отырған басқа министрліктерге берілетінін айтты.

Ұлттық экономика министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, биылғы жылдың сегіз айының қорытындысында 47,1 миллиард теңге игерілмеген. Министрдің сөзінше, ең көп игерілмеген қаржы Мәдениет және спорт министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық экономика министрлігінде.

Қыркүйектің ортасында Бақытжан Сағынтаев бюджет қаржысын игере алмай жүрген министрлік басшыларын сынаған.

Видео: "Игерілмеген ақшаға мектеп салу керек" (12.09.2018)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG