Accessibility links

Қазақстан үш елдің 165 тонна карантиндегі өнімін өткізбеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстан 10-12 қазан аралығында Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан карантиндегі 165 тонна өнімді кіргізбегенін хабарлады. Ауылшаруашылығы министрлігінің 16 қазанда таратқан мәлімдемесінде мемлекеттік инспекторлардың Қазақстан аумағына 29 рет "фитосанитарлық қаупі жоғары" өнімді кіргізу әрекетін тіркегені айтылады.

Министрлік ақпаратына қарағанда, Ресейден 140 тоннаға жуық бидай, Қырғызстаннан екі тонна алма мен 20 тонна жүзім фитосанитарлық құжатсыз жеткізілген. Өзбекстаннан жеткізілген екі жарым тонна құрмадан Комсток құрты табылған.

Осыған байланысты заң бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылып, карантиндегі өнімдер әкелінген елдеріне қайтарылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG