Accessibility links

Шешенстан мен Ингушетия шекарасы туралы келісім күшіне енді


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен Ингушетия басшысы Юнус-бек Евкуров территория алмасу туралы келісімге қол қойғаннан кейінгі сәт. Магас, 26 қыркүйек 2018 жыл.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен Ингушетия басшысы Юнус-бек Евкуров территория алмасу туралы келісімге қол қойғаннан кейінгі сәт. Магас, 26 қыркүйек 2018 жыл.

Шешенстан мен Ингушетия арасындағы әкімшілік шекараны белгілеу туралы келісім 16 қазанда күшіне енді. Шешенстан парламентінің басшысы Магомед Даудов осыған байланысты Mylistory әлеуметтік желісіндегі парақшасында әкімшілік шекараның ресми түрде бекітілуі екі аймақтың одан ары интеграциялануына септесетінін жазды.

26 қыркүйекте Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров пен Рамзан Қадыров екі аймақ арасындағы әкімшілік шекараны бекіту туралы келісімге қол қойған. Құжат бойынша екі аймақ жер алмасады. Екі респбуликаның парламенті шекара туралы келісімді мақұлдады. Ал Ингушетияның конституциялық соты келісім референдум нәтижесі бойынша ғана мақұлдануы тиіс деген қаулы шығарған.

Юнус-Бек Евкуров кейін РБК агенттігіне шекара туралы келісімге ойламаған жерден, жол салу жұмыстарына байланысты жанжал шыққан кезде қол қойылғанын айтты. Оның сөзінше, Қадыровпен соңғы келіссөзі Ингушетия тұрғындары Шешенстанмен шекарада шешендердің жол жөндейтін техникалары жүргенін байқап, шешендер ингуштардың жеріне кіріп кетті деп наразылық білдірген соң басталған.

4 қазанда Ингушетияда шекара туралы келісімге қарсы акциялар басталған. Қарсылық шерулері алғашында рұқсатсыз өткізілгенімен, кейін билік 15 қазанға дейін митинг өткізуге келіскен.

Бүгін Пятигорск қаласында Ингушетиядағы қарсылық акцияларына қатысушылардың өкілдері Ресей президентінің Солтүстік Кавказ федералдық округіндегі уәкілетті өкілі Александр Матовниковпен кездеспек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG