Accessibility links

Пашинян жаңа сайлау үшін отставкаға кетті


Никол Пашинян отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. 16 қазан 2018 жыл
Никол Пашинян отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. 16 қазан 2018 жыл

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян парламентті таратып, ерте сайлау өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді.

16 қазан күні кешкісін ұлттық телеарнадан үндеу жариялаған Пашинян ерте парламент сайлауы "тұтас билікті халық қолына тапсыру үшін керек екенін" айтты.

Өткен айда саяси блогы Ереван қаласы мэрінің сайлауында жеңіске жеткен соң Пашинян ерте парламент сайлауын өткізу талабын күшейте түскен. Ол осындай жолмен парламентте көпшілік болып отырған саяси қарсыластарын жеңгісі келеді.

Бұрынғы депутат, 43 жастағы Пашинян мамыр айында Армения халқы билікке қарсы шығып, қатты толқыған кезде оппозицияның жетекшісіне айналған. Жаппай демонстрация кезінде сол кездегі билеуші ұйым - Республикалық партияның жетекшісі Серж Саргсян премьер-министр қызметінен кетуге мәжбүр болған.

Көре отырыңыз: Пашинянның көздегені не?

Жаһан жаңалықтары 05.10.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:10 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG