Accessibility links

Вашингтон ирандық 20 компанияға санкция салды


АҚШ Қаржы министрлігі, Вашингтон (Көрнекі сурет).
АҚШ Қаржы министрлігі, Вашингтон (Көрнекі сурет).

АҚШ ирандық 20 компания мен банкке қатысты санкция енгізді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында хабарланды.

Шектеу ислам революциясын қорғау корпусына (Ирандағы элиталық әскери-саяси құрылым) кіретін жасаққа қаржылай көмек көрсеткені үшін енгізілген. Бұдан басқа, қаржы министрлігі жасақтарды балаларды Сирияда сарбаз ретінде пайдаланды деп айыптайды.

Америкалық компаниялар мен жеке тұлғаларға санкцияға іліккен компания және құрылымдармен келісімшарт жасасуына тыйым салынды. Ирандық компаниялардың АҚШ-тағы активтері бұғатталады.

Вашингтон мен Тегеранның қарым-қатынасы биыл мамырда шиеленісе түскен. Ол кезде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған көпжақты келісімнен шығатынын жариялаған. Келісім бойынша, Иранның ядролық бағдарламасы тоқтатылып, есесіне Тегеранға қарсы санкциялар біртіндеп жойылған.

АҚШ пен Израиль билігі президент Барак Обама кезінде жасалған ядролық келісім ирандықтардың ядролық қару жасауға құпия түрде қаржы жинауына мүмкіндік тудырды деп біледі. Тегеран бұл айыпты терістейді. Еуропа Одағы Иранмен жасалған келісімді қолдап, АҚШ-тың өз бетінше салған санкциясынан айналып өту шараларын дайындайтынын мәлімдеген. Ресей мен Қытай да Иранмен ядролық келісімді сақтап қалуды қолдайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG