Астанадағы "Аланда" қонақ үйінен Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерінің мәйіті табылды деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес ҰҚК қызметкерінің денесі 16 қазан күні табылған. Денеде қинап өлтіру белгілері байқалмаған.
Министрлік тергеу мүддесіне байланысты марқұмның аты-жөні мен басқа да толымды ақпарат беруден бас тартып отыр.
ПІКІРЛЕР